• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2015

Сәкеннің соңғы сапары

348 рет
көрсетілді

Қарағандыдағы Сә­кен театры. Тық-тық еткен жазу мә­­шіңкесінің дамылсыз дауысы. Бұл дыбысты бұрын қайдан естіп едім? Мүмкін, қызыл аттың дым­қыл асфальтта шоқырақтап келе жат­қанында құлағыма келген дыбыс па?.. Мүмкін, тау ішінде ақбозат­тың айдай тағасы тастақ­қа кезек ­түс­кенін, шырқалған ән­нің арасы­­нан құлағым шалып қал­ды ма?.. Жоқ! Бұл ешқандай ат жүрісінің көркем суреті, не болмаса «Тар жол, тайғақ кешуді» тасқа басқан мә­­­шің­­кенің дыбысы емес, террорлық ­қан­ды қызыл машинаның дауысы бола­­тын! Үрей шақырып, арқа-ба­сың­­ды шымырлатқан сол суық ты­­қыл «Ату жазасына кесілсін» де­­ген сот шешімін қағазға басып жатты... Жолтай Әлмашұлының шы­ғармасы бойынша қойылған «Сә­кеннің соңғы сапары» атты дра­маның премьерасы осы әсермен бас­талды. Шығарма Сәкеннің кіндік қаны тамған, туған жері – Арқа төсіне жасаған соңғы сапарынан сыр шертті. Қоюшы режиссері Қа­зақстан Республикасының мәдениет қайраткері Дунай Еспаев, суретшісі Қазақстан Республикасының мә­дениет қайраткері Т.Аккерт. Хор­мейс­тер – Д.Сатаева. Бас-аяғы бүтін, айтары бар жемісті ең­бек. Тіпті, 1906-1909 жылдары Сәкен оқыған мектепте болашақ режис­сердің дәріс алуы да оның бұл тақырыпқа үлкен дайындықпен келгендігін аңғартады. Қойылымға көшейік. Сәкеннің болмысы Сәкен мен Садықтың (Садықбек Сапарбекович – обком хатшысы) хатшының екі көмекшісі болып ойнайтын – Тасжан мен Ұланбектің үнемі қарама-қайшы келе беретін алуан пікірлері арқылы ашылып, әдебиетшілер шеше алмай келе жатқан Мағжан-Сәкен-Сәбит түйіні сынды даулы мәселелерге бірнеше мәрте жауап берілді. Тіл – көркем, ойын – шебер, талғам – биік. Кәсіби көзқарастан бөлек, қарапайым көрермен шын Сәкенді көрді. Дауысы жұмсақ, біз портрет қылып тастаған тәкаппар қалыптан ада Сәкен. Бұл сөзімізді қоюшы режиссердің өзі: – Туындының басқа қойы­лым­дардан ерекшелігі еш жасан­дылықсыз, бірде бір әуенсіз көм­керіліп, көрерменге шынайы түрде ұсынылуында, – дейді. Оның айтуынша, Сәкен Халық комиссариатының төрағасы болып тұрғанда, қазақ жастары білім алуы үшін үкімет қаржысының басым бөлігін осы салаға бөліп отырғанын біреу білсе, біреу білмейді. Сондай-ақ, спектакльде ақын­ның ана тілімізге мәртебе беру және ұлттық кадрларды мемлекеттік іске көптеп тарту, еліміздің болашақ астанасы Арқа төсіне көшетіні туралы көтерген мәселелері жан-жақты бейнеленеді. Қойылым Сәкеннің бұрын беймәлім болып келген өмір қалтарыстарын дәл айтқандығымен құнды болды. Белгілі ардагер әртіс Ерғали Жүнісбековтің жиын­тық образы ет жүректі езді. Тұман­ды жанарға келмеске кеткен көшпенділер өркениетінің соң­ғы өкілі сияқты елес қалдырды. Сері Сәкен халықтың ортасынан шық­қан, халықтың қамын шын ойлай білетін, жай-күйіне шын пейілімен араласқан, қайғы-қасіретті қатар шеккен тірі тұлға ретінде сомдалды. Нәзір Төре­құло­в­тың рөлін сомдаған белгілі ак­тер Кеңес Жұмабековтің шебер ойы­нына да көрермен қошемет көр­сетті. Қорыта айтқанда, айнала­сын­дағы кейіпкерлер арқылы Сәкен­нің шын образы бекігендей әсер қал­дырды. Сәкен рөлінде – Ғани Бер­дембетов атты жас актер ойнады. Мирас АСАН. ҚАРАҒАНДЫ.