• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экология 18 Шілде, 2024

Шалқар жағалауының сәні кірді

190 рет
көрсетілді

«Таза қала – таза жағалау» акциясы аясында Шалқар ауданының жастары Шалқар көлінің жағалауын қоқыс­тар мен тұрмыстық қалдықтардан тазартып, елімізде өтіп жатқан «Игі істер» марафонына үлес қосты.

Жұма күні ертеңгілік жазғы каникул кезінде демалыста жүрген студенттер, «Жасыл ел» жасағы мен волонтер­лік ұйым мүшелері Шалқар кө­лінің жағасына келіп, топ-топқа бөлініп, тазалау жұ­мыстарын бас­тады. Олар қурап жат­қан былтырғы қамыс-шөптерді тырмалап, әр жерде үйілген тұрмыс­тық қалдықтар мен демалушылар тастаған қоқыстарды жинап, «Үлкен Борсық» орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің тракторына тиеді. Шалқар көлінің аумағы өте үлкен болғандықтан, жастар ең алдымен көптен тазалан­ба­ған жағалауын жинау­ды жөн көрді. «Үлкен Борсық» орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары акцияға қатысушылар­ға күрек, тырма, сыпырғы, қап­шық, қолғаптар таратты.

«Биыл Шалқар ауданы бойынша «Жасыл ел» жа­са­ғына 120 жасты қамту жос­пар­ланса, мамыр айында 9, маусымда 33 бала жұмыс істеп кет­ті. Шілде айында жасақ­тың 35 мүшесі «Таза қала – та­за жағалау», «Бұлақ көр­сең, көзін аш» акцияларына қа­тысты. Осы жұ­мыстар та­мыз, қыркүйек, қазан айла­рын­­да да жалғасады. Бір­неше жас студенттік құры­лыс отряды шеңберін­­де «Қол­ғанат-Құрылыс» және «Кварц-спец сервис» ЖШС-ын­да жұмыс істеп жатыр. Айта кету керек, «Таза қала – таза жағалау», «Бұлақ көрсең, кө­зін аш» экологиялық акцияларына «Жасыл ел» жасағы мүшелері­мен бірге «Amanat» партиясының «Жас­тар рухы» жастар қанаты да қосылып, Шалқар қаласы көшелерін та­залап, сая­бақтарды реттеу мен көгалдандыруға қатысты. Мәселен, мамыр айында балалар «Менің атаулы аға­­шым» атты акциясы шеңберін­­де көшелерге ағаш ексе, мау­­сым­да «Ардагерлерді ардақ­та­­йық», «Таза қала – таза жаға­лау» ак­циясында белсенді­лік танытты», дейді Шалқар аудан­дық жастар ресурс­тық орта­лығының басшысы Айбек Ембергенов.

Айта кету керек, кейінгі үш жылдан бері Шалқар ауда­нындағы «Жасыл ел» жасағы облыста белсенді, ең бастамашыл, ең тәртіпті отряд ре­тінде танымал болып жүр. Берілген мін­деттемелерді уақ­тылы әрі сапа­лы орындап, нәти­же көрсеткені үшін аудан­дық отряд мүше­лері өткен жылы өңір­дегі «Жасыл ел» жаса­ғының «Жыл сер­пі­ні» марапатына қол жеткізді.

Ақтөбе облысы