• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Шілде, 2024

Арбакеш қария балалар үйіне 80-нен астам көлік сыйлаған

526 рет
көрсетілді

Татарстанда базарда арба айдап жүріп, балалар үйіне 80-нен астам көлік сыйлаған қарияға ескерткіш орнатылған, деп жазады Egemen.kz.

Татарстанның Еділ мен Қазан (Казанка) өзені түйіскен жердің дөңінде Татарстанның Кремлі тұр. Осы саяси салмақты, тарихи көрнекті орында қарапайым арба жеккен қарияға арнайы ескерткіш орнатылған. 

Сырттай қарағанда прототипі халық арасындағы белгісіз қария болып көрінгенмен, оның ғұмырында жасаған ерлігі ескерткіш орнатуға тұрарлық.

Асгат Галимзянов (Асхат Ғалымжанов) 1936 жылы қарапайым еңбек адамының шаңырағында дү­ниеге келген. Ол жоғарғы оқу орнында оқымай, әскерден соң біраз уақыт милиция болып қызмет етеді. Бұл кәсіпті қолай көрмей, базарда арба айдауға көшеді. Қызметі базардағы қалдықтарды бір-екі қыр асырып төгіп тастау. Осылай арба айдай жүріп, Татарстанның түкпір-түкпіріндегі балалар үйіне қалай 80 -нен астам көлік сыйлағанын Айтуған Досби газетіміздің бүгінгі санында жарық көрген мақаласында тарқата жазады. 

«Бір күні ой келеді: «Неге мұны малға берсем, сауап іс қой» деген. Сірә, ол кез­де қала ішінде мал бағуға тыйы­м салса керек. Содан үйінің маңынан үлкен әрі кең жертөле қазып, жасырын қара мал асырайды. Жем-шөбі – базардың су тегін қалған-құтқаны. Бұл бе­рекелі кәсіп болады. Қора­сын айнадай таза ұстайды. Кере­мет байиды. «Ақшасын қай­да жіберген?» дейсіз ғой. Та­тарстан, Башқұртстан, Шубаш­стан республикаларының бала­лар үйіне аударып отырған. Бей­бітшілік, Чернобыль, т.б. қор­ларына салған қаржысы та­ғы бар. 90-жылдары төтеннен эко­номикалық дағдарыс келгенде, Қазанның №1 балалар үйіне «Нива» көлігі мен автобус сатып алып береді. Жеміс-жидек піскенде жас өрімдер қуансын деп уылжыған өнімді арбалап әкеліп, тарту ететін ұқсайды».

Оның ел аузындағы тағы бір ерлігі Қазақстанмен байланысты. Толығырақ «Ізгі арбакеш» мақаласынан оқи аласыздар.