• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Жәдігер 31 Шілде, 2024

Билікөл маңынан табылған сауыт

155 рет
көрсетілді

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында әр ғасыр тарихынан сыр шертетін құндылықтар аз емес. Олардың бірқатары археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылса, біраз жәдігерді өңір тұрғындары арнайы музей қорына табыстаған.

Музей қорында сақтаулы тұрған сауыт, жауынгер қалқаны секілді жаугершілік дәуірден жеткен жәдігерлер көзге оттай басылады. Алпыс жылдан астам уақыт бұрын қолға түскен құндылықты ғалымдар ХVІІІ-ХІХ ғасырлардан жеткен жәдігер деп отыр.

«Біз көріп тұрған сауыт темір сақиналардан құрастырылғанын байқау қиын емес. Жауынгер киі­мін садақтың жебесі, найзаның ұшы, қылыштың жүзі өтпейтіндей етіп жасағаны бірден байқалып тұр. Сауыттың әр жерін тот бас­қан, жеңдері жыртылған. Жаугерші­лік дәуірдің жәдігері екені еш талас тудырмайды. Тарихы жүз жылдықтармен жалғасып жатқан са­уыт әжептәуір көнерген.

Біздің білуімізше, бұл сауытты Билікөл ауылының тұрғыны көл маңынан 1959 жылы кездейсоқ тауып алыпты. Жергілікті азамат олжасын об­лыс­тық тарихи-өлкетану музе­йі­нің қорына та­быстауды жөн деп тап­қан. Му­зей­ге келген азаматтар сауыт­тың арғы-бергі тарихы туралы ­то­­­лыққанды мәлімет сұрап жата­ды. Мамандар оларға білге­­нін­ше­ ақпарат беріп жүр», дейді ­об­­­­лыстық тарихи-өлкетану му­зейі зерт­теу жұмыстарын қамта­ма­­сыз ету бө­­лімінің меңгерушісі ­Лаура Байтұрсынова.

Бұдан бөлек музей қорында ­сақ­талған жауынгер қалқаны секіл­ді өзге де құнды жәдігерлер толып тұр. Олардың да өзіне тән тари­хы бар.

 

Тараз