• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тарих 03 Тамыз, 2024

Нұртас пен Шығанақ

140 рет
көрсетілді

Әр суреттің тарихына үңілсек, мол қазынаға кенелеміз. Бұл суреттегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов пен тары шығымын арттыруда әлемдік рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің бейнесі көзімізге жылы ұшырайды.

Бұл фотоның авторы кім, қай жылы тү­сі­рілді, нақты білмей­міз. Алайда Нұртас Оңдасы­нов қызмет бабымен Ақтөбеге облысындағы Шы­ғанақтың аулына барып, екеуінің та­ры өсіп жатқан алқапта кез­дес­кенін анық байқаймыз. Екі аза­маттың бір-біріне жылы ілтипат білдіріп, күлімсіреп тұрған сәтін фототілші қалт жі­бермеген. Бірақ ол бұл су­реттің жылдар өткеннен кейін құнды жәдігерге айналатынын сол кезде сезбеген болар.

Биыл 120 жылдығын атап өтіп отырған  Нұртас Оң­дасыновтың өмірі, қызметі, қайраткерлігі көзіқарақты қауымға жақсы таныс. Ал кейінгі жас буын Шығанақ Берсиевтің есімін біле бермейді. Ақтөбе облысы­ның Ойыл ауданында өмірге келген майталман тары өсіру­ші басқарған звено ұзақ жылдар бойы шөлейтті аймақ­тың ауа райына қарамастан тарыдан мол өнім алған. Дәлі­рек айтқанда, 1939 жылы тары­ның әр гектарынан 25,5 ц өнім алса, 1940 жылы – 155,8 ц, 1941 жылы – 165 ц, 1942 жылы – 175 ц, 1943 жылы 201 ц өнім жинаған. Мұндай жоғары нәтижеге  ол жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана емес, тары тұқымын күтіп-баптап, егісті дер кезінде жүргізіп, өнімді ысырапсыз жинау арқылы қол жеткізген. Сондай-ақ Шыға­­нақ Берсиев Екінші дүниежүзі­лік соғыс кезінде әскери ұшақ жасау үшін мемлекет қоры­на қомақты қаржы ауда­рып, өз ­табысынан тары өткіз­ген. Оның өмірі мен еңбегін көр­некті жазушы Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» романына арқау етсе, неміс драматургі Бертольд Брехт «Тары өсіруші» атты дастан жаз­ған. Бір сөзбен айтқанда, қандай биікке көтерілсе де, қазақы мінезінен, қарапа­йым­дылығынан айнымаған қос тұлғаның бейнесі сақталған суреттің уақыт өткен сайын құны арта түсері анық.