• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ғылым 28 Тамыз, 2024

Суайдындарының түбін зерттеді

73 рет
көрсетілді

Биыл жаз бойы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі «LabNetWork» зертхана кешенінің қызметкерлері «Apache 3» атты гидрографиялық дронды белсенді пайдаланды. Бұл аппарат Ғылым және жоғары білім министрлігі­нің «Солтүстік Қазақстанның су ресурстарына жедел мониторинг жүргізу және гидротехникалық инженерлік құрылымдардың экологиялық бақылауы жүйесін құру» жобасы аясында алынған.

«Apache 3» гидрография­лық бейұшағы – жерүсті бас­қару стансасымен және кемемен жабдықталған шағын автоматты кешен. Құрылғы суайдындарының тереңдігін зерттеу үшін бір жиілікті эхолот және су параметрлері­­­­нің датчиктерімен жабдықтал­­­­ған. Басқару стансасы құрылғы мен радиоканал немесе ұялы байланыс арқылы байла­­ны­сып, гидрографиялық түсі­рі­лімді кез келген қашық­тық­та жүр­гізуге мүмкіндік береді.

Гидрографиялық бей­ұшақ Қостанай облысының суқой­малары түбінің ре­льефін және су көлемін ба­ғалау үшін бұ­ған дейінгі экс­­педицияда қол­да­ныл­ды. Барлық жұмыс рес­пуб­ли­калық жоба аясында жүр­гізіліп отыр. Қазіргі таң­да университет ғалымдары жо­ғары Тобыл және Кара­томар суқоймаларының түбі­не батиметриялық зерттеу жүр­гізіп, одан су, топырақ және өсімдік материалдарын жинап, зертханаға тапсыр­ды. Оны аталған оқу орны­ның қызметкерлері – Алмабек Нұғ­манов, Вадим Чашков, Әділ Нұрпейісов, Темірлан Мұқанов және университет магистранты Артём Башев атқарды. Айта кетейік, биыл көктемдегі тасқыннан ке­йін суайдындарының түбі едәуір өзгерген, сондықтан су дро­нының оны зерттеудегі пай­дасы мол. Аппарат суасты мен үстін­дегі кеңістіктің автоматты үш­өл­шемді түсірілімін жүр­гізуге, сондай-ақ инже­нер­лік-геодезиялық, инже­нерлік-гидрографиялық жә­не инженерлік-гидромете­оро­ло­­­гиялық зерттеулер жүргізуге өте тиімді. Оны су түбінің рельефін зерттеп, құбыр өткел­дерін тексеріп, көпірлер мен дамбалардың тіреуіш құрылымының жағдайын баға­лауда қолданады.