• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Тамыз, 2024

Экологиялық мәдениетті қалай дамытамыз?

101 рет
көрсетілді

Қазір қоғамда экологиялық мәдениет мәселесі өткір. Әлемдік антирейтингте еліміз, өкінішке қарай, көшбасшы позицияда. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды экологиялық ревизия жүргізу керек екенін мәлімдегені есімізде. Осы орайда Астанада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы жағдай жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жаһандық экологиялық тиім­ділік индексінің биылғы дерегіне сәйкес еліміз 180 мемлекеттің ішін­де 93-орынға жайғасыпты. Бұл Қазақстанның әуе сапасы мен су ресурстары саласында эко­логиялық көрсеткіштерді жақсар­ту үшін әлі де жұмыс істеу қажет екенін дәлелдейді. Сондықтан жиында Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров мемлекеттік саясат деңгейінде экологиялық бастамаларды қолдау маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстанда жастардың көбі экологиялық мәселелерге қы­зығушылық танытып, табиғатты қорғауға бағытталған акцияларға қатысып, экологиялық жағдай­ды жақсартуға арналған иннова­циялық жобалар мен идеяларды әзірлеп жатқанын көріп жүрміз. Бұл – өте қуантарлық жағдай. Алайда мұнымен тоқтап қалмау керек. Біз бұл қызығушылық пен құлшыныстың мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, дамуына барлық жағдай жасауымыз керек», дейді Қ.Қамбаров.

Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қа­зақ­станның экологиялық қоры бір­лесе ұйымдастырған басқосуға азаматтық қоғам өкілдері, эко­мәдениет пен отбасылық қа­ты­нас саласындағы сарапшылар қатысты. Олар өскелең ұр­пақ ара­сында экомәдениетті қалып­тастыратын маңызды тетіктерді жан-жақты талқылады. Астана халықаралық университеті жара­тылыстану ғылымдары Жоға­ры мектебінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты Ай­нұр Сейтқан отбасындағы эко­ло­гиялық құндылықтарды қа­лып­тастыруда иек артатын зерттеулердің аз екенін айтты.

«Жалпы, елімізде экологиялық проблематика өте қатты өзек­тілікке ие емес бұқаралық санат­қа жатады. Ел халқының пробле­малық рейтингіне үңілетін бол­сақ, тізімде бірінші орында тұр­мыс­тық әл-ауқаты, кейін ден­сау­лық, білім деген секілді кете береді. Байқағанымыз, жұрт­шылық экологиялық мә­селе­лер­мен бетпе-бет келгенде ғана белсенділік танытып, са­на оянып, сең қозғалады. Бұл рет­те бұқаралық ақпарат құрал­дарының маңызы зор. Оған қоса цифр­лық технологиялар тәр­бие құралына айналып, отбасында экологиялық құндылық мәсе­лесі тасада қалып жатыр. Бұ­­рын­ғы кеңес одағына мүше бол­ған елдердің зерттеулеріне қара­сақ, көбіне табиғатқа деген сүйіс­пеншілікті қалыптастыру, қорғау негізіндегі мотивтер кеңі­рек қамтылған. Экологиялық құн­дылықтарды отбасында жүзеге асыру бойынша зерттеулер, тал­дау­лар өте аз», дейді зерттеуші.

Ал «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бір­лес­тігінің төрағасы Динара Сәдуа­қасова бұл мәселеде сарапшы­лардың да, ата-аналар мен жас­тар­дың да ұстанымы маңызды екенін атап өтті.

«Экологиялық мәдениетті, құндылықтарды, балалар мен жасөспірімдер арасында қалып­тастыру аса маңызды. Бұл ретте тек мектеп не ата-ана­ның ғана күші жетпейді. Сон­дықтан арнайы кешенді шара­лар қажет. «Жастар» ғылы­ми-зерт­теу орталығының әлеуметта­нулық зерттеуіне зер салсақ, рес­понденттердің 31,1%-ы климаттың өзгеріп, ауа райы түр­леніп, ыстық бола түскенін жет­кізді. Бұл ретте 24,4%-ы жаңар­ты­ла­тын энергия көздері жүйесін кеңей­ту керек деп санайды», дейді Д.Сәдуақасова.

Бұдан бөлек, кездесуде балалар мен жастар арасында эколо­гиялық білім мен мәдениетті арттыруға бағытталған нақты бастамалар ұсы­нылып, сарапшылар ой-пікір алмасты. Әсіресе экологиялық мә­селелер туралы хабардар ететін білім курс­тары мен науқандар, отбасында экологиялық тәрбие беруге бағытталған жобаларды қолдау мәселесі талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытынды­сында қатысушылар экологиялық тәрбиені күшейтуге және жас ұр­пақтың тұрақты дамуына қо­лайлы жағдай жасауға бағыт­талған бірқатар ұсыныс әзірледі. Бастысы, экологиялық мәдениет жалпыұлттық идеологияға айналуы қажет екенін айтты.