• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Таным 05 Қыркүйек, 2024

Ғалам ғажаптары: Ең бай ит

80 рет
көрсетілді

Жануарлар заң бойынша мұрагер бола алмайды. Дегенмен базбір байлар сенімгерлік қорлар арқылы миллиондарын сүйікті жануарларына қалдырып жүр екен.

Соның бірі – зәулім қонақүйдің иесі Леона Хелмсли. 2007 жылы екі немересіне ештеңе бермей, итіне 12 миллион доллар жаздырған. Әп-сәтте миллионер атанған Трабл атты иттің суреті халықаралық басылымдарда жарияланды. Халық шулап, Хелмслидің бұл ісін түсіне алмады. Итті ұрлап кету туралы ой қаншама адамға маза бермеді. Содан кейін судья ақыры иттің мұрасын 2 миллион долларға дейін қысқартты.

 

Теннис ойнайтын робот

Google үстел теннисін ойнайтын роботты жетілдіріп, бәсекеде жеңуді үйретті.

Робот 29 ойын ойнап, 13 ойыншыны жеңген. Жобаны басқарған Паннаг Сан-кети – «Google DeepMind» компаниясының аға бағдарламалық инженері. Жүйені дұ­рыс­тау үшін зерттеушілер үстел теннисі до­бының күйі, айналуы, жылдамдық және позиция сияқты деректердің үлкен кө­ле­мін жинаған. «Нақты әлемдегі тап­сырмалар­да адам дең­гейін­дегі жыл­дамдық пен өнімділікке жету ро­боттех­ника зерттеу қауымдастығы үшін басты мақ­сат болып қалады» деп жазыл­ған зерттеу мақаласында.

 

XXII ғасырдың кітабы

Жазушылар тек XXII ғасырда оқуға болатын романдар жазып жатыр.

Суретші Кэти Патерсон Осло әкім­шілігімен бірге 2014 жылы «Болашақ кітапханасы» арт-жобасын іске қосты. Жыл сайын қазіргі жазушылардың біріне 2114 жылға дейін оқуға болмайтын роман жазу ұсынылады. Болашақта кітаптарды басып шығару үшін қолжазбалар сақталатын қоғамдық кітапхананың жанына мың қарағай отырғызылды. Тіпті антологияны алуға болатын сертификаттар да сатылды. Жобаға арналған романдарын Маргарет Атвуд, Дэвид Митчелл, басқа да танымал авторлар жазған.