Астанада V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында 6 қыркүйек күні театрландырылған қойылыммен «Бірлік Керуені» салтанатты іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бірлік Керуені» — Қазақстанның 20 өңірінен республиканың барлық тұрғындарын біріктіретін және еліміздің бірлігі мен мәдени әралуандығын айқындайтын, көшпелілер ойындарының бөлігі болып саналатын маңызды мәдени оқиға.
«Бірлік Керуені» іс-шарасы өткізілетін күні өңірлердің өкілдері басқаратын керуен - бұл спортшылар, қоғам қайраткерлері, түрлі облыстың батырлары Астанаға Қазақстанның қасиетті көздерінен су жеткізеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын су Астанадағы тайқазанда ойындардың ашылу күні қосылып, бірліктің басты символына айналады.Сонымен қатар 6 қыркүйек күні сағат 17:00-де ЭКСПО аумағында (сағат 16.00-ден бастап диджей ойнайды, сондай-ақ қатысушылар үшін викториналар өткізіледі) іс-шара ресми түрде басталады.Айта кетерлігі, «Бірлік Керуені» өткізілуіне байланысты сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін Түркістан және Ақмешіт көшелеріндегі ЭКСПО маңындағы жолдардың бір бөлігін уақытша жабу жоспарланған.