Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында аударыспақтан 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел спортшысы Біржан Қосалиев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Финалда Біржан Қосалиев қырғыз спортшысы Кумушбек Қыдралиевті жеңді.
Жалпы, «Қазанат» ипподромы жанындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақ додасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей сынды 9 елден 64 спортшы қатысып жатыр.
Айта кетейік, бүгін осы спорт түрінен 100 келі салмақта Сырым Ізбасаровқа да алтыннан алқа тағылды.