Бүгін, 17 қыркүйекте Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің екінші кездесуі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц елордадағы Тәуелсіздік сарайына келіп жетті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарды қарсы алды.