• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қыркүйек, 2024

Су тасқыны: 34 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды

69 рет
көрсетілді

Су тасқынынан зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вице-премьер 2024 жылғы су тасқыны 120 мыңнан астам адамның өміріне әсер еткенін атап өтті.

Мемлекет тарапынан зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіліп, баспанасыз қалғандар үшін эвакуациялық пункттер ұйымдастырылған.

Айта кетерлігі, 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған. Сонымен қатар зардап шеккен 21 880 отбасы үшін жалпы сомасы 10 млрд теңгеге 150 АЕК мөлшерінде келтірілген материалдық залал өтелгені хабарланды.Сонымен қатар су тасқыны салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүлік шығындарының өтемақысы ретінде мақұлданған 615 өтініш бойынша 10,2 млрд теңгеден астам қаражат төленген. 

«Шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу жөніндегі Ереженің күші 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылады. Бұдан басқа, АӨК субъектілеріне келтірілген залалды өтеу үшін шамамен 3,15 млрд теңге бөлінді», делінген хабарламада.