Медиа сауаттылық бағытында министрлік тарапынан 2021 жылдан бері кешенді жұмыс атқарылып келеді. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе «Медиа және қаржылық сауаттылық» пәні оқу бағдарламасына енгізілді. Яғни мектептерде 5-11 сынып оқушыларына жаһандық деңгейдегі мәселенің курстары оқытылып жатыр.
Биыл елімізде біз әлеуметтік осал топтағы азаматтар арасында ақпараттық сауатты арттыру бағытындағы 30-дан аса вебинар мен іс-шара өткіздік. Келесі жылы да үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, медиа сауаттылықты арттыруға арналған осындай кешенді іс-шаралар ұйымдастыру жоспарда бар.
Кейінгі бірнеше жылда кезең-кезеңімен біз ақпарат саласына қатысы бар заңнамаларды жетілдіру, жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеміз. Екі жылдан аса уақыт бұрын қазіргі заңнама төңірегінде көптеген талқылау өткізілді. Заң жобасы жан-жақты талқыға түсті. Яғни бірде біз сала өкілдеріне құлақ түрсек, бірде бізді қарсы тарапты тыңдап келді. Осылайша, біз салаға қатысты бірыңғай тетіктерді әзірлей алдық.
Былтыр медиа сала өкілдерін екіге бөлу керек деген шешімге келдік. Яғни бір заңмен онлайн-платформаны реттесек, тағы бір бөлек заңмен кәдімгі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жүйелеуді жөн көрдік. Ал Масс-медиа туралы заңға ерекше мәртебе бірілді.
Әлішер МҰҚАЖАНОВ,
Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары