Жаһанда шындыққа жанаспайтын, алайда дереккөз ретінде ұсынылып, қоғамды жаңылыстырып жүрген фейк ақпараттар көп.
Бұл интернет пайдаланушыларының көбеюімен, жаңалықтар мен ақпаратты жариялаудың, бөлісудің, тұтынудың жаңа тәсілдері пайда болуымен тікелей байланысты. Сондықтан арнайы бақылау стандарттары мен редакциялық нормалар болуы шартты. Өйткені адамдар дұрыс ақпарат пен жалған ақпаратты ажырата алмаған тұста әлеуметтік не саяси мәселелерде түсінбеушілік туындауы ықтимал. Бұл халық пен билік арасындағы байланысқа кері әсерін тигізбей қоймайды.
Осыдан бір апта бұрын Қазақстанда фейк ақпараттарды тексеретін арнайы бағдарламаны іске қостық. Мұнда белгіленген қағидаттар негізінде ғаламтор бетіндегі контент сараланады. Деректер деңгейіне қарай жіктеліп, сүзгіден өтеді. Өйткені автор материалдың ішінде жалған ақпарат бар екенінен хабардар бола тұра, әдейі таратуы, кейде жалған ақпараттың барын білмей, белгілі бір көзқарасқа баса назар аударту мақсатында жаңалықтарды таратуы мүмкін.
Сенура АБЕЙУАРДЕНА,
Meta-дағы Орталық Азия және Шри-Ланка бойынша мемлекеттік саясат бөлімінің басшысы