• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 07 Қазан, 2024

Халықаралық стандартқа сай

104 рет
көрсетілді

Референдум өткізу жөніндегі орталық комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Референдум жарияланған күннен бастап бір ай ішінде учаскелік комиссиялардың қызметкерлерін оқы­ту, тренинг, семинар өткізу, техника­лық жарақтандыру, референдумда дауыс беру­шілердің тізімін жасау бойынша орасан зор ұйым­дастырушылық-техникалық жұмыс жүргізілді.

Халықаралық миссиялар­дың қызметкерлері референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның қыз­мет­керлерімен бірнеше рет кездесіп, референдум өткізу жөніндегі учаскелік және округтік комиссияларға барды. Әсіресе табиғи апаттан зардап шеккен өңірлер басты назарда болды. Ондағы халықтың науқанға атсалысуы, учаскелердің дайындығы мен халықаралық стандартқа сай өтуі қадағаланды.

ТМД байқаушылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы­, Түркі мемлекеттері ұйымы және АӨСШК өкілде­рімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен 74 адам аккредиттелді. Бұған қоса миссияның құрамына ТМД Атқару комитетінің қызметкерлері кіреді.

ТМД елдерінен келген 74 байқаушы елдің 9 өңіріндегі дауыс беру учаскелеріне барды. Бұл – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыс­тары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жал­пыұлттық референдумда дауыс беру референдумдар мен сайлау науқандарын өткізуді регламенттейтін елдің ішкі заңнамасына сәйкес өтті. Қазақстанда бұған дейін өткен сайлау науқандарына бақылау жүргізу тәжірибемізге сүйене, заң бұзушылық болмайды деп болжадық. Референдумға қатысқан азаматтардың белсенділігі мен мәдениеті жоғары деңгейде екенін байқадық.

 

Леонид АНФИМОВ,

ТМД байқаушылар миссиясының басшысы