• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 07 Қазан, 2024

Дамуға бастайтын қадам

87 рет
көрсетілді

Дауыс берер алдында басқа елдердің атом энергетикасын дамыту тәжірибесімен танысып шықтым.

Оңтүстік Корея Атом энер­гиясы жөніндегі халық­ара­лық агенттікке (МАГАТЭ) 1957 жылы қосылды және ядролық энер­гетиканы пайдаланудан артық­шылық алуға шұ­ғыл қадамдар жаса­ды. 1970 жылдан бас­тап энер­ге­ти­калық секторда импорт­қа тәуел­ділік дең­гейін төменде­туг­е дайын­дықты бас­тап, халық­ты дайындады. 1978 жы­лы ең алғашқы АЭС пайда­лануға беріліпті. Атом энерге­ти­касының пайда болуы корей экономикасының өсуіне ға­рыш­тық қарқын берді. Бұл артта қалған, екі соғыс­тан қ­ираған елден қуатты өнер­кә­сіп­тік державаға айналды. Samsung Electronics, LG Electronics, Kia және Hyundai Motor атом энергиясының нәтижесінде пайда болды. Бүгінде Оңтүстік Корея – атом энергетикасы сала­сын­дағы әлемдік көшбас­шы­лардың бірі. Атом станса­ларының белгіленген қуаты бойынша 5-орынды иеленеді.

Елімізде барлық электр энергиясының 30%-ға жуығын өндіретін 25 реактор жұмыс істейді. АҚШ сияқты халық­ара­лық серіктестермен ынты­мақ­тастықта әзірленген жоға­ры қауіпсіз және өнім­ділікті реактор OPR-1000 жобасы бағ­­дарламаның негізіне ай­на­л­­ды. Халық АЭС-тің қажет­­ті­лігін түсініп отыр. Біздің елі­міз – жаһандық эконо­ми­ка­лық үдерістердің белсен­ді қаты­су­шысы, 2050 жылға қа­рай көміртегі бейтарап­ты­ғы­на қол жеткізу мінде­тін өзі­не алды. Бұл – біздің азаматтық парызымыз, оны елеу­сіз қалдыруға болмайды. Мем­лекет халықтың шешім қабыл­дауына мүмкін­дік берді. Сон­дықтан референдумда да­уыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл – біздің қолымызда.

Чернобыль апатынан бері ширек ғасырдан көп уа­қыт өтті, технология дамып жетіл­ді. Басқаша айтқанда АЭС-те технологиялық жағынан қауіп жоқ. Атом энергиясын табысты өндірудің кілті ядролық реакторды дұрыс таңдау екенін мамандардың бәрі айтады. Дүние жүзіндегі реактор өндірушілер уақыт өткен сайын бұрынғыларына қарағанда қауіпсіздеу жаңа типтегі реакторлар шығарып жатыр. Егер АЭС жобасы халықтың қолдауына ие болса, халықтың қауіпсіздігі бәрінен жоғары тұрады деп ойлаймын. Экономика дамып жатыр. Кейінгі бірер жыл­да 1,5-2 млрд кВаттқа тең жетіс­пеушілік бары айтылып жүр. Біз оны Ресейден алып отыр­мыз. Адам саны артып, жаңа зауыттар салынып жатыр. Энергетикалық қауіп­сіз – экономикалық қауіпсіз­діктің бір тармағы. Осы екі бағытта аяғымызды тең басып тұрмасақ, тәуелсіз­дігімізге сызат түседі.

Тағдыр бізге тағы да тарихи таңдауы­мыз­­ды талап етіп тұр. Алдағы жағдайы­мызды бүгі­нгі күн­нің нәти­жесі анықтай­ды. Ре­фе­­рен­дум – халық еркінің кө­рінісі. Барлық салада дамуға жаңаша өзгеріс­ керек. Халқым бұл жолы да тәуел­сіздігіміздің тұғыр­лы болсын деген тілекке басым­дық берді деп үміттенемін.

 

Асанәлі ӘШІМОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері