• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 15 Қазан, 2024

Ел мектептерінің 88%-ы инклюзивті білім беруге дайын

144 рет
көрсетілді

Қазақстанның мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылып жатыр. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілген. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қолдау көрсету кабинеттері мен жеке бағдарламаларға арналып жаңа талаптар әзірленген.

«Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде 60 мың бала қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Бұл әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жасалған маңызды қадам», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

Айта кетейік, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердің басты міндеті — әр балаға жеке қолдау көрсете отырып, бірегей қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік сын-тегеуріндерге төзімділік танытуға көмектесу.