Денсаулық • Бүгін, 16:22

Мешіттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қандай

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы ауруханаға Ақмола облысы, Сабынды ауылындағы  мешітте болған жарылыстан зардап шеккен 17 адам жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мешіттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қандай

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жеткізілген адамдардың он төрті ересек, үшеуі бала.

Зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде, тағы 7 адам Астана қаласындағы N1 қалалық аурухананың политравматология, эндопротездеу және комбустиология бөліміне орналастырылды. Алдын ала диагноз - әртүрлі дәрежедегі термиялық жалын күйік.

25-30 пайыз термиялық күйік алған үш бала Астанадағы №2 балалар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды.