Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт шыққан үйден 21 адамды, оның ішінде төрт баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқарушылар арнайы респираторлық капюшондарды қолдану арқылы алты адамды, соның ішінде үш баланы құтқарды.
«Өрт 20 шаршы метр аумақты қамтыды. Төтенше жағдай қызметкерлері оны жедел түрде сөндіріп, апаттың әрі қарай өршуіне жол бермеді. Зардап шеккендер тіркелмеген», деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар тұрғындарға сақтық шараларын ескерту қажеттігін атап өтті.