• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Digital 19 Қараша, 2024

Отандық инженердің жетістігі

79 рет
көрсетілді

Жас инженер Құдайберген Орынбаев – жасанды интел­лект пен технологиялық кә­сіп­­керлік саласында же­тіс­­тікке жеткен талантты отандасымыздың бірі. Ол Назарбаев университетін­де роботтехника мамандығы бойынша білім алып, өзінің ал­ғашқы жобасын студент­тік жылдарында іске асырған. Қазіргі уақытта Құдайбер­ген спорттық іс-шараларды түсіруге арналған автономды роботтандырылған камера жасап шығаратын па­риж­дік стартаптың тең құ­рылтайшысы.

Кұдайбергеннің ғылымға қызығушылығы мектеп ке­зінде басталған. Ақтөбедегі қа­зақ-түрік лицейінде оқып жүр­генде ол Айзек Әзімовтің роботтар туралы әңгімелеріне әуес­­теніп, болашағын роботтех­никамен байланыстырады. Осы­дан кейін инновациялық жобалар жасауды армандайды. Ин­женердің арманы Назарбаев уни­верситетінде оқып жүрген­де орындалады. Ол өзі секілді студент жастармен бірігіп алғашқы жобасын жүзеге асырады.

«Алғашқы стартап студенттік кезімде пайда болды. 2018 жылы курстастарыммен бірге рент­ген суреттері арқылы 14 түрлі ауруды анықтайтын радиологиялық жасанды интеллект жобасын жасап шығардық. «IEEE EMBC» атты биомедициналық конференцияда жобаны танысты­рып, оны коммерцияландыру­ды жос­парладық. Бірақ стартапты уақытша тоқтатуға тура келді, себебі медициналық техноло­гиялар саласын дамытуға кө­бірек тәжірибе қажет болды, ал елімізде бұл сала жеткілікті дең­гейде дамымаған. Сондық­тан шетелдегі «MedTech» сала­сындағы бизнестің қалай жүр­гі­зі­летінін көргім келді», дейді ол.

Шетелге барып, білімін же­тілдіруге шешім қабылдаған Құдайберген «Erasmus Mun­dus Joint Master’s Degree» бағ­дар­ламасына қатысуға өтініш бе­ріп, Франция, Италия, Испа­­­ния елдерінде оқиды. Бұл ізденіс оған медициналық суреттерді өңдеу саласында терең білім алуға мүмкіндік берген. Оның айтуынша, бағдарламаның артық­шылығы да көп.

«Осындай оқу бағдар­лама­лары тәжірибе жинауға көп көмектеседі. Сондықтан ізденіс жолында жүрген жандарға мүм­кіндікті пайдалануға кеңес беремін. Жасанды интеллекті­­ден бастап деректі фильм түсі­ру­ге дейін әртүрлі мамандық­ты игеруге болады. Ең басты­сы, бұл білім тегін, университет ­ұшу шы­ғындарын да өтеп береді, ­стипендиясы да жоғары. Қойыла­тын негізгі талаптар – ба­калавр дәрежесінің болуы ­мен ағыл­шын тілін жақсы мең­ге­ру» дейді инженер.

Оқуды тәмамдағаннан ке­йін Құдайберген Еуропадағы ірі компанияларда жұмыс іс­тейді. Магистратурада оқып жүр­ген кезінде Кұдайберген тәжі­рибеден өту үшін Мюн­хен­­де­гі «iThera Medical» ком­пания­сына қабылданады. Мұн­­да ол ультрадыбыстық су­­рет­­­­терді қажетсіз шудан та­зар­­­­ту алгоритмін жасау­мен ай­налысқан. Кейін «Лейп­циг­тегі Raylytic» компаниясы­нан шақырту алып, рентген сурет­терінен омыртқаның спиндік параметрлерін есептейтін алгоритм жасап, осы тақырыпта ғылыми мақала жариялайды.

«Оқу соңында универси­тет тәжірибе өтетін компания­­лар тізімін ұсынды. Бірақ мен жобамды жетілдіруге қа­­тыс­ты тәжірибе жинағым келді. Лайық орынды әбден іздеп, «Мюнхендегі iThera Me­dical» компаниясына қа­былдан­дым. Онда УДЗ су­реттерінен қажет­сіз шуды тазартатын жасанды интеллект алгоритмін жазу­мен айналыстым. Кейін компа­­ния «software engineer» ретін­­де қалуды ұсынды. Алай­да жасанды интеллект са­ласын­да жұмысымды жалғасты­ру­ды таң­да­дым. Сондықтан бас­қа жұмыс іздедім. 70-ке жуық компанияға өті­ніш беріп, бір ай бойы сұх­баттарға қатыс­тым. Нә­ти­жесінде, Германия­ның­ Лейпциг қаласындағы «Raylytic» компаниясынан ұсыныс алдым. Мұнда рентген суреттеріндегі омыртқа па­раметрлерін есептейтін алгоритм жасаумен айналыстым», дейді Құдайберген Орынбаев.

Тәжірибе жинағаннан ке­йін Құдайберген жеке старта­пын құруға бел буған. Ол Па­рижде «Entrepreneur First» бағ­дарламасына қатысып, серік­те­сімен бірге медициналық тех­но­логиялар саласында өнім әзір­леуге талпынып та көрген. Алай­да еуропалық «MedTech» на­рығының күрделі әрі ұзақ­мер­зімді үдерістерінің көп болуынан жоба тоқтап қалған. Бұл сәтсіздікке қарамастан, Құдайбергеннің стартапқа деген қызығушылығы арта түседі. Табанды еңбегі мен талпы­ны­сының арқасында қазір ол Парижде орналасқан жаңа стар­таптың тең құрылтайшы­сы. ­Ком­пания спорттық іс-ша­раларды түсіруге арналған автономды роботтандырылған камера әзірлеумен айналысады. Бұл камера жасанды интеллекті­нің көмегімен футбол матчта­рын автоматты түрде түсіреді.

«Бір жыл жұмыс істеген соң өз жобамды жасауға да­йын екенімді түсіндім. Париж­дегі «Entrepreneur First» бағдар­ла­масына қатысып, серіктес та­уып, ойларымды жүзеге асыру­ға мүмкіндік алдым. Фран­цуз серіктесіммен бірге эндометриозды анықтайтын өнім жаса­­дық. Бірақ «MedTech» нарығына шы­ғу өте қиын үдеріс болды. Нәтижесінде, жобаны тоқта­ту­ға тура келді. Қазір париж­дік стартап аясында екінші және үшін­ші лигадағы футбол матчтарын түсіруге ар­налған автономды камера жа­сап жатырмыз. Қазір­гі уақыт­та 80 мың еуро инвес­ти­ция тарттық. Осы жылдың қазан айында Марракеште алғашқы ресми матчты түсірдік», дейді өнертапқыш.

Құдайберген болашақта жинаған білімін отандастырымызбен бөлісіп, жастарға жаңа мүмкіндіктер жасауға ниетті. Қазірдің өзін де инженер «Aqtobe Hub» алаңында дәріс оқып, жерлестеріне өз тәжірибесін бөлісіп отырады екен.

«Жақында «Aqtobe Hub»-та Еуропадағы медтех кәсіпкер­лік туралы дәріс оқыдым. Болашақта да өз білімімді бөлісіп, отандастырымызға Еуропада білім алу немесе жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болуына көмектескім келеді. Париж – жасанды интеллект саласындағы маңызды орта­лықтардың бірі. Отандық стар­таптар Еуропа нарығына шы­ғуды қаласа, нетворкинкке ерекше көңіл бөлуі керек», дейді Қ.Орынбаев.

Жас инженердің тәжірибесі еліміздегі ғылым мен техноло­гия саласының шетелдік эко­жүйемен байланысын нығай­тудың маңызды екенін айқын­дайды. Ол еліміздегі мамандарға бәсекеге қабілетті білім мен тәжірибе жинақтау қажеттілігін көрсетіп, халықаралық деңгейге шығу мүмкіндіктерін кеңейтуге үлес қосып отыр.