• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2015

Ақмола облысында 8 молда жұмыстан шығарылды

255 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 ақпан. Ақмола облысы мешіттерінің қызметкерлері арасында өткен аттестацияның қорытындысы бойынша мешіттерде қызмет атқарып жүрген 8 молда жұмыстан шығарылды. Бұл туралы «Ақмола медиа орталығының» дерегіне сүйенген Newtimes.kz хабарлады. «Аттестация Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, жоғарғы муфтий Ержан қажы Малғажыұлының тапсыруы бойынша өткізілді», - делінген хабарламада. Агенттіктің мәліметі бойынша, Ақмола облысының мешіттерінде 139 діни атқарушы қызмет етеді. Олардың бәрімен арнайы сараптама комиссиясы аттестациялық тексеру өткізген. Сынақ қорытындысында бір діни қызметкер ғана аттестацияны «өте жақсы» деген бағаға тапсырған. Тағы 21 қызметкер «төртке» жауап берген. «Қанағаттанарлық» деген бағаны 69 қызметкер алған. Бұлардан бөлек, 15 адам аттестациядан өте алмаса, 8 қызметкерді қызметтерінен босатуға тура келген. Бұдан басқа, 25 қызметкердің әртүрлі жағдайларға (ауырып қалуларына, оқуда жүрулеріне) байланысты аттестацияға қатыса алған жоқ. Сондықтан оларды сынақтан өткізу кейінге қалдырылды. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: Newtimes.kz.