• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2015

Ұлттық комиссия құрылды

510 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құруға арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы бес институттық реформаны жүзеге асыру мақсатында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын мәлімдеді. Комиссияны Премьер-Ми­нистр К.Мәсімов басқарады, орынбасары Президент Әкім­шілігінің Басшысы Н.Нығ­ма­тулин болады. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыс тобын Президенттің көмекші­сі Е.Орынбаев, заң үстемді­гін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақов, экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобын Ұлттық экономика ми­нистрі Е.Досаев, біртектілік жә­не бірлік жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкім­шілігі Басшы­сының орынбасары Б.Май­лы­баев, есеп беретін мемлекет қа­лыптастыру жөніндегі жұ­мыс тобын Парламент Мә­жілісі Төра­ғасының орынбасары Д.Назар­баева басқарады. Сондай-ақ, комиссия құра­мына шетелдік консультант ретінде «Назарбаев Университеті» АБҰ президенті Ш.Катсу кірді. Мемлекет басшысы Үкімет құрамы сақталатынын айтты. – Олардың бәрі осы құрамда ынтымақпен жұмыс істеді, қойылған міндеттерді орындай алды. Мен ешқайсысын да алмастыру қажеттігін көріп тұрған жоқпын, сондықтан жұмыстарын жалғастыратын болады, – деді Қазақстан Президенті. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.