• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Таным 03 Желтоқсан, 2024

Ғалам ғажаптары: Антеннадан тоқылған киім

34 рет
көрсетілді

Колумбия университетінің ин­женерлері антенналарды мата­ларға енгізу технологиясын ұсынды.

Енді антенналар киімнің бір бөлшегіне айналады. Мұндай «ақылды киімдер» құтқарушыларға, саяхатшыларға немесе шалғай аймақтарда жұмыс істейтіндерге ыңғайлы құрал болмақ. Антенналар арнайы әдіспен тоқыма машиналарында металл мен диэлектрлік жіптерден тоқылады. Кереметі киімді бірнеше рет жуса да бастапқы қалпын жоғалтпайды. Жаңа технология ауыр құрылғылардың орнын басып, спутниктік байланысты құруға, құтқару операцияларын жеделдетуге, шалғай аймақтардағы байланысты жақсартуға көмектеседі.

 

Жылу сақтайтын кірпіш

MIT «Массачусет технологиялық институты) ғалымдары жылуды ұзақ сақтайтын кірпіш жасап шықты.

Цемент, болат, химия, қағаз өн­ді­рісінде жылу алуға қазба отыны қол­да­нылады, бұл экологияға зиян келтіріп, декарбонизацияны қиындатады. Ал MIT ғалымдары жасаған кірпіштер электр энергиясын жылуға айналдырып, газды, ауаны 1 800°C-қа дейін қыздырады. Сөйтіп, температураны ұзақ уақыт бойы бірқалыпта сақтап тұрады. Олар арзан материалдардан дайын­далады әрі өндіріс жүйесіне оңай бейімделеді. Стартап АҚШ Энергетика министрлігінен 40 млн инвестиция алып, алдағы жеті айда мегаватттық жүйені іске қосуды жоспарлап отыр.

 

Суасты кабелі

«Meta» суасты кабель жобасын іске қоспақ.

«Meta» өзіне ғана арналған суасты оптикалық кабелін салуды жоспарлап отыр. Ұзындығы 40 000 шақырымнан асатын бұл жаһандық желіні құруға шамамен 10 млрд доллар инвестиция салынады. Жобаны іске асыру уақыты шамамен 5-10 жыл. Кабель маршруттары геосаяси шиеленіс аймақтарын айналып өтеді. Атап айтқанда, АҚШ-тың шығыс жағалауынан батыс жағына дейін созылып, Үндістан, Оңтүстік Африка, Аустралия арқылы өтеді.