• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2015

Кезекті отырыстың күн тәртібі қаралды

220 рет
көрсетілді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болып, онда Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан мен Македонияның үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Экономикалық саясат, ин­но­вациялық даму және кәсіпкерлік коми­теті «Кеден одағына мүше мем­­ле­кеттер болып табылмайтын, Тәуел­сіз Мемлекеттер Достас­ты­ғы­на қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бюро отырысы барысында па­латаның 2015 жылғы 5 ақпанда болатын жалпы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізілді. Сенаторлар Қазақстан мен Мажарстан үкіметтері арасындағы олардың мемлекеттерінің аумағында заңсыз тұратын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы; «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік  меншік  саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын (бірінші оқылым) қарауды жоспарлап отыр. Бюро отырысында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» атты Қазақ­стан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Парламент Сенатының іс-шаралар жоспары туралы» Парламент Сенаты бюросының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №247-V СБ қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізілді.