• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Желтоқсан, 2024

Еуропа елдері сириялық босқындарға баспана беруді тоқтатты

59 рет
көрсетілді

Германияның көші-қон және босқындар істері жөніндегі федералдық басқармасы Сирия азаматтарының баспана сұраған өтініштерін қарауды тоқтатты. Осындай шешімді Австрия, Швеция, Дания және Норвегия билігі де қабылдады. Франция бұл мәселемен айналысуда, шешім жақын арада қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz  kommersant.ru-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша Германияның көші-қон істері жөніндегі ведомствосы президент Башар Асадтың исламшыл құрылымдар коалициясының басталуы нәтижесінде қызметінен кетуіне және  Сириядағы алдағы оқиғаларды болжаудың қиындығына орай сириялық босқындарға баспана беру туралы 47 270 өтінішті қарамаған, олардың 46 мыңы сириялық содырлар шабуылынан бұрын берілген.

Австрия канцлері Карл Нехаммер де 12,5 мың адамның өтінішін қарауды тоқтатуға пәрмен берген. Дания босқындар кеңесі Сириядағы оқиғаларды бақылап, 2025 жылғы 16 қаңтардағы отырыста Сирия азаматтары мәселесі бойынша келесі шешімдерді талқылауға уәде берді. Норвегия мен Швецияның көші-қон қызметі де өтініштерді қарауды  тоқтата тұратындарын мәлімдеген.