• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2015

Қазақ тілін білу – міндетіміз

719 рет
көрсетілді

– дейді өзге ұлт өкілдері арасында өткен олимпиаданың жеңімпазы Облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып оқу орнында өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілі пәнінен олимпиада өтті. Олимпиадаға түрлі мамандықта білім алып жатқан 15 студент қатысты. Бұл шараны қазақ тілі пәнін оқыту кафедрасы мен оқу орнының студенттік кәсіподақ ұйымы бірлесіп өткізді. Кафедра меңгерушісі, профессор Айман Зейну­ли­наның айтуынша, олим­пиа­даның мақсаты – мемле­кеттік тіл – қазақ тілінің қо­ғам өміріндегі алатын ор­ны мен маңызын, қажетті­лігін көрсету. Яғни, бұдан өзге ұлт өкілдері студент жас­тарының қазақ тілін үйре­нуге деген құштарлығы, қызы­ғу­шылығы, оқып-үйрен­ген­дерінің қандай деңгейге жеткені көрінеді. Студент­тердің қазақ тіліне, жалпы, салт-дәстүрге, өнерімізге деген жылы көзқарастары арқылы басқа жастарға да, өз тілін үйренгісі келмей жүрген ұл-қыздарымызға насихаттау болып табылады. Сөйтіп, олимпиада мазмұндама жазу, сұхбат­тасу және өнерлерін көрсету сияқты үш кезеңмен өтті. Сайыс барысында елімізде биылғы жылы атап өтілетін аса маңызды шаралар – Қа­зақ хандығының 550 жыл­дығы, Ассамблеяның 20 жыл­дығы, Жеңістің – 70 жыл­дығы, «ЭКСПО көрме­сі­нің тарихы», «Салт-дәс­түр, әдет-ғұрып – ұлт құнды­лығы», «Өнер алды – қы­зыл тіл» сияқты монолог-сұх­бат түрінде тақырыптар ұсы­нылды. Қатысушылар про­залық немесе поэзиялық шы­ғармалардан үзінді оқы­ды, ән айтып, би биледі және тіпті, шағын драмалық кө­ріністер де көрсетті. Соңында шығарылған олим­пиада қорытындысында 15 студенттің арасынан Ажар Садовская, Ната­лья Киреева, Наталья Дре­мова алдыңғы орындарды иеленді. Ал бірінші орын­ды Михаил Крикунов жеңіп алды. Жеңімпаз студент­терге дипломдар мен ақша­лай сыйлықтар, басқа қаты­су­шыларға номинациялар бойынша Алғыс хаттар табысталды. Михаил Крикунов: «Сайыс өте тартысты өтті. Әри­не, әрқайсымыз қазақ тілін жақсы меңгергенімізді көр­сетуге тырыстық. Менің ойым­ша, Қазақстанда тұрып жатқан соң, қазақ тілін білу – біздің міндетіміз. Бар­ша қазақстандықтарды мем­лекеттік тілді жетік меңге­руге шақырамын», – деді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР. Суретте: М.КРИКУНОВ. Суретті түсірген Руфина ТОРПИЩЕВА.