• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Таным Кеше

Ғалам ғажаптары: Кофемен сурет салады

73 рет
көрсетілді

Муштак Лашари ерекше сурет салу техникасымен жұрт назарын аударды. Бояудың орнына ол шай мен кофені пайдаланады.

Оған бұл идея әріптестерімен әңгіме­лесіп отырып, картинасына кездейсоқ шай төгіп алған сәтте келген. «Алғашында тек шаймен жұмыс істедім. Бірақ оның түсі жеткіліксіз болғандықтан, кофені қоса бас­тадым. Бұлардың үйлесімі картиналарға ерекше сипат береді», дейді Лашари. Осы күні қылқалам шеберінің шығармашылық қоржынында Пәкістанның тарихи ғимараттары бейнелеген 33 туынды бар.

 

Толқынға тосқауыл

Индонезияда цунами болатынын алдын ала ескертетін жаңа жүйе сынақтан өтіп жатыр.

Қазірдің өзінде аталған мемлекетте осындай 20-дан астам құрылғы орнатылған. Технология қалыпты уақыт режімінде ақпарат жинап, сараптайды. Тіпті секунд сайын жер астындағы титімдей болсын тербелістердің көрсеткішін есептеп отырады. Жоба жетекшісі Теуку Хафид цунамидің қасіретін бір кісідей тартқан. 2004 жылы алып толқындар оның бүкіл отбасын жұтып қойды. Осыдан кейін ол цунамиді зерттеуге бүкіл ғұмырын арнауға бел буған. «Нақты қатер төнген жағдайда тұрғындарға смс-хат, радио немесе дабыл арқылы белгі беріледі. Бұл үлкен адам шығынының алдын алуға айтарлықтай көмектеседі», дейді ол.

 

Ойды оқитын чип

Қытай ғалымдары адамның ойын оқып, сөзге айналдыруға қабілетті чип жасап шығарды.

Аталған құрылғы сөйлеу қабілетін жоғалтқан науқастың миына орнатылды. 256 арналы чиптің көмегімен пациенттің миынан алынған деректерді декодтау арқылы адам түйсігіндегі ойларды экраннан оқуға болады. Отадан кейін 48 сағат өткен соң науқас үстел теннисі мен онлайн ойындарды ешбір физикалық қозғалыссыз сәтті ойнаған.