Үндістанның астанасы Дели қаласында 26-27 ақпан күндері қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 20-дан астам елден келген 200-ге жуық спортшы қатысты.
Осы спорт додасына Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы, Халықаралық Көшпенділер ойынының күміс жүлдегері Айдос Ғалымов 90 келі салмақта белдесіп әлем чемпионы атанды.
Екі дүркін әлемдік доданы бағындырған Айдос Қайратұлының жеңісі ұлытаулықтардың ғана емес ұлы даланың жеңісі!
Ұлытау облысы