• RUB:
    5.89
  • USD:
    505.15
  • EUR:
    550.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Наурыз, 2025

«Асар Үме» қоры жәбірленуші тарап деп танылды

55 рет
көрсетілді

«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының басшысы Перизат Қайраттың қаржы жымқыру ісі бойынша «Асар Үме» қоры ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты. Өкінішке қарай, ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» жасаған алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да әсер етті. Тергеу нәтижесінде ОФ «Асар Үме» ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды», делінген хабарламада.

«Асар Үме» қоры өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында істің мән-жайын толық жариялай алмайтындарын, бірақ әділдік орнайтынына сенім білдіріп, кінәлілердің заң алдында жауап беретініне үміт артты.

Естеріңізге сала кетейік, «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының алаяқтық әрекеттері анықталғаннан кейін, Әділет министрлігі бұл қордың таратылатынын хабарлаған еді.