Мәдениет және ақпарат министрлігі 23-сәуір ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап» республикалық байқауы басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Байқау «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай өткізіледі. Мәдениет және ақпарат министрлігі байқау арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал етуді көздейді. Сондай-ақ, аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру мақсаты қойылған.
Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталады:Балаларға арналған үздік кітапҮздік комиксНон фикшн жанрындағы үздік кітапДетектив жанрындағы үздік кітапСатира жанрындағы үздік кітапҮздік илюстрациялық кітапҮздік аударма кітабыФантастика жанрындағы үздік кітапҮздік баспа«Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы