Алматы 14 Сәуір, 2025

Алматы әкімдігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты құттықтады

0 рет
көрсетілді

Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс медальға ие болған Михаил Шайдоровты Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құттықтап, табандылық пен мақсаткерліктің жарқын үлгісін көрсетіп, жеңіске жеткен жас спортшыға алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Алматы әкімдігінің атынан Михаил Шайдоровқа 2,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификат табыстады. Спортты дамытуға және қаланы халықаралық деңгейде танытуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтіп:

«Мәнерлеп сырғанаудың абыройын арттырып қана қоймай, жүздеген жас спортшыға өзіне сенуге және алға ұмтылуға шабыт бердіңіз. Ерекше алғысты жаттықтырушыңыз Әсем Қасановаға айтқым келеді. Ол өз ісіне деген жоғары кәсібилігімен, даналығы және шынайы адалдығымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанау бойынша бас бапкері ретінде ол спорттың дамуына және мұз айдынында жаңа жұлдыздардың қалыптасуына үлкен үлес қосты», деді Б.Шаханов. 

Өз кезегінде Михаил Шайдоров қолдау көрсеткені үшін әкімдікке алғыс білдірді.