• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2015

Жұмыспен қамтуда белсенді бағыт бар

243 рет
көрсетілді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылдан бері жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларының арқасында 461 мың адам еңбекке тартылды. Бұл жұмыссыздық деңгейіне оң әсер етті, 2014 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша ол 5,0%-ды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 0,8 %-ға төмендеді. Бұл жөнінде кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «2015 жылы әлеуметтік кепілдіктерді және жұмыспен қамту деңгейін сақтау туралы» тақырыбындағы брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Елбасының 11 ақпандағы кеңей­тілген отырыста Үкіметке жүк­те­ген үш негізгі тапсырмасы, яғ­ни, біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамту, екіншіден, аза­маттардың табысының деңгейін төмендетпеу, үшіншіден, мем­лекеттің өзіне алған әлеуметтік міндеттемелерін орындау мәселесі екендігін айта келе, министр халықты жұмыспен қамтамасыз етуге және жұмыссыздықтың өсуін болдырмауға бағытталған шараларды үйлестіру үшін Үкімет бірнеше іс-әрекеттер алгоритмін әзірлегенін хабарлады. Атап айтар болсақ, ол бірінші кезекте өндірістердің тоқтауына жол бермеу және жұмыскерлердің жұмыстан босауын болдырмау. Бұл тұста Тамара Дүйсенова өңір әкімдерімен бірлесіп, тұ­рақты негізде қала құраушы және ірі кәсіпорындарға мониторинг жүргізілетінін көлденең тартты. Оның айтуынша, бұл проб­ле­малық мәселелерге шұғыл түрде ден қойып, оларды шешу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол жылдың басында 161 мың адам жұмыс істейтін 114 кәсіпорынға мониторинг жүр­гізілгендігін қоса айтты. Ал осы жылдың ақпан айының басында Үкімет мүшелері өңірлерге барып, ірі компаниялардың басшыларымен, кәсіподақтармен және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкім­дері­мен кездескенін нақтылады. Сол жұмыс сапарлары аясын­да жұмыс берушілермен, кәсіп­одақ­тармен және әкімдермен 102 меморандумға қол қойылды, бұл 259 мың жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізеді. Бүгінгі таңда барлығы шамамен 19 мыңдай меморандумға қол қойыл­ды, деді министр. Және де екінші мәселе, жұмыс­сыздарға, өзін өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға да қатысты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қабылдау міндеттері тұрғандығын атап өтті. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қазіргі кездегі экономика жағдайларында «Жұмыспен қам­тудың жол картасы-2020» бағдар­ламасын жандандыруды ескере отырып, барлық өңірлер­де халықты жұмыспен қамту­дың кешенді жоспарлары қа­был­данатынын айтты. Ал үшінші – тартылатын жұмыс күшінің құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіледі екен. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».