• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 07:45

Хор өнерінің өрісті шағы

0 рет
көрсетілді

«Astana Musical» мемлекеттік театры көрерменге «Sulu: хор-концерт» атты ерекше музыкалық жобасын ұсынды. Театр әртістері дайындаған бұл кеш дәстүрлі концерт форматынан өзгеше, музыка мен театр өнерін шебер ұштастырған театрландырылған қойылым ретінде өтті.

Кеш шымылдығы ашылған сәттен-ақ көрермен айрықша шығармашылық атмосфераға енді. Сахнадағы әр нөмір музыкалық орындау, актерлік шеберлік пен би элементтері арқылы көркем өріліп, хор өнерінің жаңа қырын танытты. Әртістердің үйлесімді орындауы, сахналық пластикасы мен музыкалық драматургиясы кешке айрықша көркемдік сипат берген жобаның бас хормейстері – Алмат Әбішев.

Концерттік бағдарлама мазмұны жағынан да алуан түрлі болды. Қазақтың халық әндері хорға лайықталған жаңа интерпретацияда шырқалып, ұлттық музыканың бай мұрасы тың қырынан ашылды. «Керім-ау айдай», «Көкшолақ», «Джулия», «Екі жирен» секілді халыққа кеңінен таныс әндер хордың қуатты үнімен ерекше әсер қалдырды.

Сонымен қатар концертте әлемдік эстрада мен поп-музыка классикасының танымал туындылары да орындалды. Атап айтқанда, Майкл Джексон, Фредди Меркьюри, Пол Маккартни шығармалары көрерменге хор форматында ұсынылды. Әсіресе әлемге әйгілі «Billie Jean» әнінің көпдауыстағы ерекше өңдеуі көрерменнің зор қошеметіне ие болды.

Бағдарламада сондай-ақ мюзикл ариялары, ретро-композициялар мен әлемдік музыка классикасының заманауи өңдеулері орындалып, жанды дауыстағы вокал, би, сахналық әрекет арқылы әсерлі көркемдік шешімдер ұсынылды. Айтулы концерт хор өнерінің мүмкіндігі кең екенін, оның заманауи сахна кеңістігінде жаңа сипатқа ие бола алатынын айқын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар