• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2010

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАРЫМЫНА АРНАЛДЫ

519 рет
көрсетілді

Экономикада ғана емес, сая­сатта да өзінің өркениетті үлгісін қалыптастырған Қазақ елінің қарымына арналған ғылыми-прак­тикалық конференция “Қа­зақ­стандық жол – тұрақтылықтан гүлденуге” деп аталды. Бұл алқалы басқосу елордадағы Тәуелсіздік са­райында болып, оған Сенат және Мәжіліс депутаттары, жоғары оқу орындарының және ғылыми орталықтардың басшылары, Ресей, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, тағы басқа мемлекеттердің оқы­мыс­тылары қатысты. Алғашқы сөз­ді Білім және ғылым министрі Жан­сейіт Түймебаев алып, қол жет­кізген мемлекеттігіміздің арғы-бергі тарихы туралы айта келіп, келесі жылы сол елдігімізге жи­ырма жыл толатынын алға тартып, соған орай Отанымыздың тағы­лым­ды жолдарын талдайтын ғы­лыми конференциялар мен симпо­зиумдардың өтетінін айтып, соның алғашқысы осы басқосу, деді. Шынында ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіздігіміздің жөні де, жосығы да бөлек. Оған ешнәрсені теңгеруге де, теңестіруге де бол­май­ды. Бұл бүгінгі толқынның кей­інгі ұрпаққа қалдыратын мұ­раларының ішіндегі өлшеусізі десек жарасар. Бір замандары, – деді ми­нистр, – Алаш көсемі Ахмет Бай­тұр­сын­ұлы: “Қазақтың да өзге ұлттармен жарысатын кезі келеді”, деген еді. Міне, сол күн туғанына жиырма жыл­ға таяп қалды. Мем­лекетіміз өзге елдермен терезесі теңесіп әлем­ге танылды. Осындай дәрежеге же­туімізге Елбасы Нұр­сұлтан На­зар­баевтың қосқан үлесі ұшан-теңіз. Отанымыздың іргесін бекітіп, төрткүл дүниеге танылуы­­на дәуір тудырған тұлғаның сі­ңір­­ген еңбегін бүгінде әлем танып-бі­ліп отыр. Саясатта да, эконо­ми­када да ерек­ше жетістіктерге жет­тік. Осылай деген ол бұдан кейін тәу­ел­­сіз­дік жылдары ішіндегі табыс­та­ры­­мыз туралы жан-жақты баяндады. Ал Философия және саясат­тану институтының директоры, академик Ә.Нысанбаев қазақстан­дық жолдың әлеуметтік негізде­рі­не тоқталып, тәуелсіздіктің ал­ғашқы жылдарын­дағы қиындық­тар­ды, сол кездегі Нұрсұлтан На­з­ар­баевтың кемел сая­сатының ар­қасында көп қиындыққа ұрын­бағанымызды тілге тиек етіп, ол тұста Ататүрік жолын аламыз ба, болмаса Оңтүстік Кореяның, не Малайзияның, Сингапурдың, әлде Еуропаның дамуын үлгі етеміз бе деген кезде Мемлекет басшысы Қазақстан жолын алға шығарды. Соның нәтижесінде, Отанымыз­дың дамуы даңғыл жолға түсті. Капи­тализмнен социализмге өту үрдісі болғанмен, социализмнен капитализмге баратын дәстүр жоқ еді. Міне, соны Президенттің кө­регендігімен Қазақстан қалыптас­тырды, деді. Нарықтық экономикаға өту, қоғамды демократияландыру ар­қылы әміршіл-әкімшіл жүйе қы­сымынан халықты босату, ойлау мен танымның ескі таптаурынын жеңіп шығу үшін елімізде шұғыл жұмыстардың атқарылғаны кон­ференцияда жан-жақты сөз болды. Экономикамыздың бәсекеге қа­білетті екені дағдарыс кезінде дәй­ек­телді деді М.Өте­мі­сов атын­дағы Батыс Қазақстан мем­лекеттік университетінің рек­торы Тұяқбай Рысбеков. Ол сондай-ақ көпқұ­рам­­­ды қауымдас­тықты жетілдіру жағ­дай­ындағы лидердің рөлі: Қа­зақ­­стан­дық фе­номен туралы ой қоз­­ға­са, АҚШ-тың Колумбия уни­вер­­си­тетіне қарасты Гарриман инс­­ти­ту­тының профессоры Р.Абазов Қа­зақ­стан­ның және Орта Азия­ның дамуын салыстыра отырып сара­ласа, Р.Сү­лейменов атындағы Шығыстану институтының дирек­торы, про­фессор М.Әбусейітова Қазақ елі мемлекеттілігінің да­му­ындағы ұлт­тық жобалар мен бағ­дарламалар жайлы баяндады. Сол секілді Томск мемлекеттік уни­вер­сите­тінің ректоры Г.Майер Қа­зақ­стан мен Ресей арасындағы білім беру мен ғылыми зерттеу­лер­ді жан-жақты қамтып, білім мен ғылымда шекара болмай­ты­нын, бұл екі сала бойынша шы­ғарма­шы­­лық қарым-қатынастар­дың жақ­сы жалғасып отырғанын тілге тиек етіп, біздің Отанымыз­дың өркендеп, өсуінде Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың көреген саясаты өз жемісін беріп отырға­нына нақты дәлел-дәйектер кел­тіріп, бұл кемелдік көрініс екенін айт­ты. Сондай-ақ, өзінің қазақ то­пырағында туып-өскенін алға тартып, қазір Томск мем­лекеттік университетінде мыңға тарта қа­зақстандық жастардың білім алып жатқанын атап өтті. Мем­лекет та­рихы институтының ди­ректоры Б.Аяған Қазақстанның қазіргі дамуындағы эволюциялық өзгеріс­тер мен нәтижелерге нақты мы­сал­дар келтірсе, Л.Н.Гумилев ат­ын­­дағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің профессоры М.Қалиева мемлекет дамуындағы саясаттың атқарған рөліне тоқталды. Конференцияға қатысушылар соңында арнайы қарар қабылдап, онда Отанымыздың жетістікте­рінің ең іргелісі – тәуелсіздік дей ке­ліп, сол тәуелсіздікті баянды ет­кен Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаевтың тарихи миссиясы туралы айтты. Алқалы жиын соңы секция­лар­да жалғасып, жаһандану жағ­дай­ындағы Қазақстанның ұлттық мүдделері, әлемдік дағдарыс тұ­сындағы мемлекеттілік сабақтары, билік пен басқару сапасы, елдік та­рих, тағы басқа тақырыптар бой­ынша жұмыс жасады. Сүлеймен МӘМЕТ.