ПАВЛОДАР. 1 наурыз. Павлодар қаласындағы «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамына қарасты жылу электр стансасында электр сүзгісі орнатылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа электрсүзгінің заманауи құралдары автоматты түрде жұмыс істейді. Қондырғыны «Альстом» концернінің ресейлік бөлімшесі «Альстом Пауэр Ставан» компаниясы құрды. Станса облыс орталығының 40 пайызын жылумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын мамандарының айтуынша, құрал-жабдықтардың экологиялық көрсеткіштеріне баса назар аударып, жаңғыртылуына көңіл бөлінуде. Электрсүзгі ауаға бөлінетін қоқыс-қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Сүзгінің құрылысына 1,1 млрд. теңге қаражат жұмсалған.
Өткен жылы «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамында құны 841 миллион теңгені құрайтын 35 шара жүзеге асқан. Олардың 14-і қоршаған ортаның тазалығы үшін жасалды.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz.