Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Швецияны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, келесі кезеңге (1/8 финалына) жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Франциялықтар есепті бірінші тайм аяқталар сәтте ашты. 45-минутта бұрыштамадан көтерілген доптан кейін Килиан Мбаппе айып алаңында бірінші болып допқа жетіп, дәл соққымен командасын алға шығарды.
Екінші таймның 53-минутында Майкл Олисе қорғаушылардың арасынан тамаша пас беріп, шабуылшы Брэдли Барколя өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 2:0-ге жеткізді.
Марокко Нидерландыны пенальти сериясында жеңіп, 1/8 финалға шықты
Кездесудің соңғы нүктесі 74-минутта қойылды. Майкл Олисе тағы бір мәрте паспен Мбаппені айып алаңына шығарды. Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе қорғаушыны алдап өтіп, әдемі айналдыра тепкен соққымен дубль жасады. Жалпы есеп 3:0.
Осылайша Франция құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шығып, келесі кезеңде Парагвай құрамасымен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін 1/16 финалдың екінші күні үш ойын өтетінін хабарлаған едік.