• RUB:
    6.14
  • USD:
    480.72
  • EUR:
    548.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 09:33

Олжас Бектенов: Конституция еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясының сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Бектенов Конституция еліміздің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайтынын атап өтті.

Президент Қазақстан халқын Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады

«Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайтын құжат. Негізгі заңның қабылдануы азаматтардың Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елді жаңғыртудың жаңа кезеңіне кең қолдау білдіруінің айқын көрінісі. Жаңа Конституция прогрессивті дамудың берік институционалдық негізін қалыптастырады. Мұндай даму тек экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейді. Президент бізге жаһандық өзгерістердің соңынан ілесіп қана қоймай, жаңа экономикалық шындықты қалыптастырудың белсенді қатысушысына айналу қажеттігін үнемі атап көрсетіп келеді. Жүргізіліп жатқан реформалар дәл осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған және олардың негізінде Жаңа Конституция жатыр», деп атап өтті Үкімет басшысы.

Жаңа Конституция күшіне енді: Қандай өзгерістер бар?

Премьер-министр мемлекеттік және қоғамдық институттардың барлығын терең жаңғырту үдерісі басталғанын айтты.

«Жүзеге асырылып жатқан барлық өзгерістер қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі сақтаудың, азаматтардың әл-ауқатының лайықты деңгейін қамтамасыз етудің, «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайтудың, сондай-ақ азаматтардың прогрессивті әрі жоғары зияткерлік буынын қалыптастырудың негізі болып саналады», деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар