«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық компанияның мәліметінше, оның өкілеттігі акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Акционердің шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алдыбергенов Талғат Сағиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», делінген ресми хабарламада.
Ұлттық теміржол компаниясының жаңа басшысы болып кім тағайындалатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне 2025 жылдың шілде айында тағайындалған болатын.
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Ол еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан темір жолында станса кезекшісі, коммерциялық бөлімнің басшысы және бөлімше бастығы қызметтерін атқарды. Кейін «Қазтеміртранс» және «Кедентранссервис» компанияларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Жарлығымен Берік Асылов Бас Прокурор лауазымына тағайындалған болатын.
Сондай-ақ Асламбек Мерғалиев Жоғарғы Сот Төрағасы қызметіне, Қанатбек Жайсанбаев Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.