• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:21

Қазақстанда туу көрсеткіші неліктен төмендеп бара жатыр?

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстандағы бір үй шаруашылығына шаққандағы балалардың орташа саны 1,1 деңгейінде сақталып келсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 1-ге дейін төмендеді. Бұл алаңдатарлық жағдай болмаса да, үй шаруашылығының орташа көлемі 2021 жылғы 3,4 адамнан 2026 жылы 3,2 адамға дейін азайғанын ескерсек, елімізде аз балалы отбасы үлгісіне біртіндеп көшу үрдісі байқалатынын аңғартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлік айырмашылықтар мен жалпы демография Жоғары көрсеткіштер (Оңтүстік): Түркістан облысы – 2,1; Қызылорда – 1,7; Жамбыл – 1,4; Шымкент – 1,2 бала. Төмен көрсеткіштер (Мегаполистер мен ШҚО): Астана – 0,8; Алматы – 0,6; Шығыс Қазақстан облысы – 0,5 бала.

Айта кетейік, 20 өңірдің 14-інде бала саны азайған. Жиынтық туу коэффициенті 2021 жылғы 3,3-тен 2025 жылы 2,6-ға дейін төмендеді. Туған сәбилер саны 2021 жылғы 445,9 мыңнан өткен жылы 335 мыңға дейін азайып, 4 жылда туу көрсеткіші 24,9%-ға қысқарған. Жалпы туу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 23,5-тен 16,4-ке түсті.

Ана болу жасының шегерілуі

Қазақстанда әйелдер бала тууды кейінге шегерген. 2019 жылмен салыстырғанда 2025 жылы жас аналардың үлесі азайған:

20-24 жас: 24,1%-дан 21,8%-ға дейін (2,3 п.т. төмендеу). 25-29 жас: 32,3%-дан 27%-ға дейін (5,3 п.т. төмендеу).

Керісінше, есейген шақта босанатындардың үлесі артты:

30-34 жас: 1,3 п.т. өсіп, 26,1%-ды құрады. 35-39 жас: 4,8 п.т. өсіп, 17,1%-ға жетті.

Елімізде ерте жүктілік көрсеткіші азайған

Экономикалық фактор және кедейлік қаупі

Туу деңгейінің төмендеуіне қаржылық жағдай тікелей әсер етеді. Бала саны көп болған сайын отбасының аз қамтылу қаупі жоғарылайды:

1-2 адамнан тұратын отбасыларда күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатындар үлесі 0,2%-дан аспайды; 5 және одан да көп адамы бар көпбалалы үй шаруашылықтарының 9,7%-ы (873,5 мың адам) аз қамтылғандар санатына кіреді. Бұл елдегі барлық кедей үй шаруашылықтарының 95%-дан астамын құрайды. тұтыну шығындары (Energyprom.kz дерегі бойынша): 4 және одан көп баласы бар отбасылардың 23,1%-ы жан басына шаққанда айына тек 50-60 мың теңге, ал 19,8%-ы 40-50 мың теңге жұмсайды. Салыстырмалы түрде, 1 баласы бар отбасылардың жартысына жуығының жан басына шаққандағы айлық шығыны 100 мыңнан 150 мың теңгеден астам соманы құрайды.

Бұған дейін, кейінгі кездері көбіне зорлық-зомбылық салдарынан болатын ерте жүктілік жағдайлары жиілеп кеткені туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар