• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:40

Доксинг деген не және одан қалай қорғану керек?

Доксинг – адамның жеке мәліметтерін оның рұқсатынсыз іздеп тауып, жинап, интернетте жариялау. Мұндай әрекеттің мақсаты көбіне кек алу, бопсалау, беделіне нұқсан келтіру немесе психологиялық қысым көрсету. Қазіргі таңда доксингтің құрбаны кез келген адам болуы мүмкін, өйткені көптеген пайдаланушы жеке ақпаратын әлеуметтік желілерде өз еркімен жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доксерлер адам туралы мәліметтерді іздеу жүйелері, әлеуметтік желілер, жалған аккаунттар, фишингтік хабарламалар, ұйымдардың ашық деректері және интернетке тарап кеткен деректер базасы арқылы жинайды. Олар адамның аты-жөнін, телефон нөмірін, мекенжайын, жұмыс орнын, фотосуреттерін, банк картасының деректерін және басқа да жеке ақпаратын пайдалануы мүмкін.

Доксингтің салдары ауыр болуы ықтимал. Ол адамның психологиялық жағдайына кері әсер етіп, беделіне нұқсан келтіреді, қаржылық шығынға ұшыратуы немесе бопсалау мен алаяқтықтың құрбанына айналдыруы мүмкін. Кей жағдайда қауіп адамның өзіне ғана емес, оның отбасы мен жақындарына да төнеді.

Жеке деректеріңіз таралып кетті ме? Енді оны арнайы тізілім арқылы тексеруге болады

Қазақстанда доксинг азаматтардың жеке өміріне қол сұғу болып саналады және Конституцияның 18-бабында кепілдік берілген жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзады. Заңнамаға сәйкес, жеке өмір туралы мәліметтерді заңсыз жинағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ал мұндай әрекет бопсалаумен ұштасса, жауапкершілік одан әрі күшейеді.

Павлодарда 2 000-нан астам қызметкердің жеке дерегі интернетте таралып кеткен

Айта кетейік, жеке мәліметтерді әлеуметтік желілерде жарияламау, аккаунттардың құпиялылық баптауларын күшейту, әр сервисте әртүрлі күрделі құпиясөз қолдану, екі факторлы аутентификацияны қосу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс адамдарға жеке құжаттар мен фотосуреттерді жібермеу маңызды. Сондай-ақ интернеттен өзіңіз туралы жарияланған ақпаратты мезгіл-мезгіл тексеріп тұрған жөн. Мамандар тәуекелді азайту үшін цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. 

Соңғы жаңалықтар