• RUB:
    6.14
  • USD:
    467.41
  • EUR:
    533.88
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:59

Қазақстанға темекі өнімдерін заңсыз әкелген қылмыстық топ ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанға таңбалаусыз темекі өнімдерін заңсыз әкеліп, өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу амалдарына сәйкес, Жамбыл облысының тұрғыны өзіне бағынысты тұлғалар арқылы Қырғызстаннан темекі өнімдерін заңсыз жеткізген.

Контрафактілік өнім Тараз қаласындағы сауда орындары арқылы сатылған. Сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарына жөнелтілген.

«Тергеу барысында 30-дан астам тінту жүргізіліп, жалпы құны 293 млн теңге болатын таңбалаусыз 319 мыңнан астам қорап темекі өнімі тәркіленді. Төленбеген акциздердің сомасы 115 млн теңгені құрады», делінген хабарламада.

Темекі контрабандасының жолын қалай кесуге болады?

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында тауарды жеткізу мен өзара есеп айырысуды қамтамасыз еткен Қырғыз Республикасының азаматтары болған.

ҚМА мәліметінше, қаржы ағындарын жасыру мақсатында қылмысқа қатысушылар банктік жүйеден тыс ақша аударуға мүмкіндік беретін бейресми «Хавала» есеп айырысу жүйесін пайдаланған.

«Сот санкциясымен өнімді тасымалдауға пайдаланылған 3 автокөлікке тыйым салынды. 5 күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», делінген хабарламада.

Бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі өнімдерін заңсыз дайындап, таратумен айналысқан топтың қызметін тоқтатқаны туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар