Қараой ауылының 1984 жылы туған тұрғыны қожалықтағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Өткен жылдың қазан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Алматы облысынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыдан кейін оның жұбайы полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары ауқымды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, көршілес өңірлерден де іздеген.
Із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық ерлі-зайыпты жер қойнына тапсырылды
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша анықталады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кеткенін жазған едік. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабар-ошарсыз кеткен 24 жастағы ел азаматы Әсет Құралбайдың қаза тапқанын растаған еді.