• RUB:
    6.14
  • USD:
    467.41
  • EUR:
    533.88
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:52

Жамбыл облысында жер сілкінді

10 шілдеге қараған түні Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан жер сілкінісінің магнитудасы 4,5 болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісі сағат 00:59-да тіркелген. Ұлттық ядролық орталығына қарасты Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 42,50° солтүстік ендік пен 70,88° шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

Венесуэладағы жер сілкінісі салдарынан 18 мың адам баспанасыз қалды

Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,5, энергетикалық класы – 10,4, ал ошағының тереңдігі 15 шақырымды құрады.

Қытайда 5 балдық екі жер сілкінісі болды

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген. Тиісті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 4 шілдеде Таразда 2 баллдық жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар