• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2015

Ақтөбеде имамдар семинары өтті

398 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 31 наурыз. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен қолға алынған төрт бағыттың бір − оқу-ағарту жұмыстары екені белгілі. Осы бағытта Ақтөбе облысында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Таяуда облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұйытқы болуымен Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлері Ризабек Ілімбаев, Жаслан Жүсіпбеков және Қайрат Құрманбаевты шақыртып, имамдар мен медресе шәкірттеріне үш күндік білімін жетілдіру семинарын ұйымдастырылды. Оған қала, аудан-ауылдардан барлығы 21 имам, 56 шәкірт қатысып, білімдерін жетілдірді. Шараның мақсаты – облыс көлеміндегі мешіт имамдарының білімдерін жетілдіру, қоғамдағы діни өзекті мәселелерді талқылау, пікір алмасу. Семинардан тыс ақшам намазынан кейін «Нұр-Ғасыр», «Нұрдаулет», Ақтөбе қалалық орталық мешіттері жамағатына Ризабек Ілімбаев пен Жаслан Жүсіпбеков түрлі тақырыптарда уағыз жүргізді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: muftyat.kz.