Кеше ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-шы конференциясына қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстан Үкіметінің басшысы өз сөзінде біздің еліміздің қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы жан-жақты ынтымақтастық үдерісін дамытуға өз үлесін қосатынын жеткізді. Ол сонымен бірге Азия-Тынық мұхиты елдерімен ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тек жақсы нәтижелер алып келетінін мәлімдеді. Сөзінің соңында К.Мәсімов осы форумның орнықты даму мен планетамызды қорғауға айтарлықтай үлесі болатынына сенім білдірді.
“Егемен-ақпарат”.