• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2010

Елбасының рөлі аталды

497 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрік Республикасының Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Леле Үлкерді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Төраға Л.Үлкерді оның елші болып тағайындалуымен құттық­тап, дипломатиялық қызметте табысты болуына тілектестігін біл­­дірді. Барлық деңгейдегі бай­ла­ныс­тардың қарқын­ды­лығын атап өте келіп, Қ.Тоқаев пар­ла­ментаралық үнқатысуды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Парламент Сенатында Түр­кия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ын­тымақ­тастық тобы құрылды, Түр­кия-Қа­зақ­стан достық тобының табысты қызметі де екі ел ара­сындағы бай­ланыстарды нығай­ту­ға бағытталған. Биылғы 7-10 қазанда Түркия Пар­ламентінің Төрағасы Мехмет Али Шахинның Қазақстанға рес­ми са­пары жоспарланып отыр. Төраға бұл сапар парламентара­лық ынты­мақ­тастықты одан әрі белсенді­лен­діру­ге жаңа серпін беретінін атап көрсетті. Дипломаттың айтуынша, Қа­зақ­­стан мен Түркияны терең та­мырлы мәдени-тарихи қатынастар бай­ланыстырады. Түркітілдес мемле­кет­тер басшыларының Ыс­там­бұл­дағы саммитінің табысты нәти­желері туралы айта  келіп, Л.Үлкер Қазақстан Президентіне ризашы­лы­ғын білдірді және Н.Назар­баевтың Түркітілдес мемлекеттердің Ынты­мақтастық кеңесін құрудағы рөлін атап өтті.