• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2010

Азаматтық Альянс пен “Бірлігіміз жарасқан!”, “Мы – одна команда!” сыйлығы қоғамдық кеңесінің үндеуі

515 рет
көрсетілді

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты отандастар! 2010 жылғы 6 қазанда “Бірлігіміз жарасқан!” ұлттық сыйлығының тұсаукесері өтті. Сыйлық қаһар­ман­дарын олардың азаматтық, моральдық және рухани ерліктерін өз көзімен көрген белгілі адамдар таңдайды. Олардың арасында танымал қазақстандықтар – қоғам қайраткерлері, журналистер, мәде­ниет және ғылым қайраткерлері, спортшылар бар. Сыйлық қоғамға қызмет етудегі жоғарғы жетістіктері, кәсіби қыз­мет­тегі табыстары, қайырымдылық пен азаматтық ерліктері, отан­сүй­гіштігі үшін беріледі және мем­ле­кет­тік немесе саяси марапат болып табылмайды. Әрбір қалаушы өз кандидатын оның адамгершілігін немесе ерлігін сипаттай отырып ұсына алады. Сый­лықтың номинанттары Қазақ­стан­ның қоғамдық, әлеуметтік өмі­ріне және рухани-адамгершілік құн­дылықтарының дамуына баға жетпес үлес қосқан кез келген аза­мат немесе қазақстандық топ бола алады. Біздің әрқайсымыз өз орны­мыз­да күн сайын үлкенді-кішілі, бірақ жарқын да тамаша істер атқарамыз. Отбасымыз үшін, еліміз үшін, достарымыз үшін. Біздің адамдардың тіршілік күшінің коды – біздің жеріміздің ұлылығы мен әлеуетінің коды, міне, осында жатыр! Ерлеріміз біздің арамызда! Біз­дің әрқайсымыз қаһарман бола ала­мыз және болуға тиіспіз! Ал басымыз біріккен біздер – тек қана алға қадам басқан қазақ­стан­дық­тардың ортақ мықты тобымыз! Бір­лі­гіміз жарасқан! Құрметті қазақстандықтар! Қым­батты отандастар! Өздерінің табыстарымен шын мәнінде азаматтық ерлік жасап жүрген өз жақындарыңызды, достарыңызды, әріптестеріңізді номинанттаңыз! Олар қоғам, ел және туған өлке игілігі үшін сөз жүзінде емес, іс жүзінде аянбай еңбек етіп келеді. Ел өз қаһармандарын білуі керек! Сыйлыққа өз номинантта­ры­ңыз­ды ұсыну үшін Шолпан Байболоваға ха­бар­ласыңыз, тел: 8-727-327-27-12, 387-28-76 немесе emaіl іnfo@lіchnost.kz, интернет порталдары www.khabar.kz, www.ktk.kz Номинанттар туралы ақпаратта­ры бар хаттарды (аты-жөні, табыс­та­ры мен жетістіктері, байланыс нөмірлері) 050051 Алматы қаласы, Достық даңғылы 91/ 1, №3 а/ж мекен-жайына жіберулеріңіз қажет. Азаматтық Альянстың байланыс телефоны: 8 7172 21 41 05.