• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2010

Үнемдей білген өңірде үдеу де болады

618 рет
көрсетілді

Облысқа жұмыс сапарымен кел­­ген Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Н.Алдаберге­нов жергілікті атқарушы орган­да­р­дың, қоғамдық бірлестіктердің, табиғи монополия субъектілері басшылары­ның және ардагерлердің қатысуымен “Энергия ресурстарын үнемдеу – тарифтік саясаттың басым бағыты” деген тақырыпта мәжіліс өткізді. Онда су мен электр энергиясын ес­еп­пен пайдалану, шикізат, мате­ри­ал­дар шығыстары мөлшерлерін оңтай­лан­дыру, табиғи монополия субъек­ті­лерімен инвестициялық міндеттеме­лер­­­ді орындау мәселелері талқыланды. Облыста жеке және заңды тұлғалар үшін электр энергиясына арналған тәуліктік аймақ бойынша сараланған тарифтер бұрнағы жылдың қараша айынан бастап енгізілген. Өңір тұтынушылары үшін тұтас алғанда биылғы жылдың сегіз айында тәуліктік аймақ бойынша сараланған тарифтерді енгізуден пайда болған үнем 11 млн. кВт/сағатты немесе 129,8 млн. теңгені, ал бұрнағы жылы 4,8 млн. кВт/сағатты немесе 56 млн. теңгені құраған. Аймақта электр энергиясының тұтынылуын үнемдеу мақсатымен электр энергиясына арналған тұтыну шамасы белгіленген. Соның нәтиже­сінде, биылғы жылдың 8 айы ішінде тұтыну көлемдері бойынша саралан­ған тарифтерді енгізуден пайда бол­ған электр энергиясының үнемделуі 6,2 млн. кВт/сағатты немесе 65,7 млн. теңгені құрапты. Облыста энергия үнемдеу бағдар­ламасын жүзеге асыру нәтижелерінің бірі “Жамбыл электр жүйелері” ЖШС-ның автоматтандырылған электр энергиясын бақылау және есеп­теу жүйесі болып табылады. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Н.Алдабергенов бұл жүйені – электр энергиясын тұтынуды жә­не есептеуді басқарудың экономика үшін маңызы зор тетігі деп атап көрсетті. Бұл жүйені енгізген жағдайда, компания ысыраптар қай жерде және не себепті пайда болғанын біліп оты­рады екен. Сонымен қатар, аталған жү­йе тұтынушы үшін тарифті үнемі кө­тере беруге емес, энергия ысырап­тарын са­уатты түрде жоюға мүмкіндік бермекші. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.