• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2010

Қарқынды қатынас қарымы

474 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Иран Ислам Республикасы Парламентінің Төрағасы Әли Ардашир Лариджанимен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Мәжіліс Төрағасы Парла­ментке келген мәртебелі мей­манды жылы шыраймен қарсы алып, Қазақстан мен Иран арасындағы байланыстарға тоқталды. Иран Парламентінің Төраға­сы екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жат­қа­нын атап өтті. Алдағы уақытта мұ­най мен газ саласында және құ­рылыстар жүргізуде жаңа жо­баларды бірлесе атқаруға бола­тынын айтты. Біздің елімізде Иранның бірқатар компания­лары жұмыс істеп жатыр. Кездесуде тараптар Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, желтоқсан айында Аста­нада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті жөнінде пікір алмасты. Мәжіліс Төрағасы 2011 жылы Қазақстан Ислам Кон­ференциясы Ұйымына жетек­шілік ететінін, ислам елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға басты назар аударылатынын айта келіп, елімізде 2011 жылы 7-ші Ислам экономикалық форумын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Кездесу соңында Әли Ар­дашир Лариджани Мәжілістің құрметті қонақтар кітабына тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.