• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2010

Жауапты іске – жауапты оқулық

663 рет
көрсетілді

Жаһандық саяси ахуалдың жаңа көрініспен дамуы, ха­лықаралық стратегиялық бағыт­тардың нақты айқындалуы – осының бәрі әлемдік қаты­нас­тарды бейбіт келісім негізінде жа­ндандыруға өзіндік үлес қо­суы тиіс. Халықаралық қатынас – бұл тек мемлекеттер ара­сын­дағы барыс-келістерді айқын­дай­тын үдеріс емес. Ол сондай-ақ әр елдің болашақ даму бағы­ты­на, мемлекет әлеуетіне, ха­лықтардың ауызбіршілігіне ық­пал ететін елеулі факторлардың бі­рі. Сол себепті халықаралық қа­тынастар заңдылықтарымен ете­не таныс болу, еліміздің әлем­­дік саяси менеджментіндегі өз орнын айқындап, оң ықпа­лын арттыру үшін нендей ерек­шеліктерді ескеру керек? Мұн­дай сұрақтарға жауап еліміздің отандық оқулықтарында қанша­лықты көрініс тауып отыр? Бұл са­уалдарға Сайлау Батырш­а­ұлы­ның “Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар” атты қазақ тілінде шыққан кітабынан толыққанды жауап ала аласыз. Бір ескерте кететін нәрсе, бұл кітап қазақ тіліндегі Қа­зақстанның дипломатиялық қыз­метіне арналған алғашқы оқулық болып табылады. Аталған кітаптың тұсаукесері елордадағы Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық универ­си­тетінде салтанатты түрде өткі­зілді. Кітап авторы – барша­мыз­­ға белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстану­шы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және өкілетті уәкіл дәрежесінің иегері, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қайраткері, Сырт­қы істер министрлігінің кеңесшісі Сайлау Батыршаұлы. Оқулық авторы диплом­а­тияның пайда болу тарихынан бастап, Кеңес Одағы және Со­циалистік елдер дипломатия­сы­ның тәжірибесі, халықаралық құқық мәселелерінің қалып­тасып, дамуы, көпжақы дипл­о­матия, мемлекеттік хаттама, экономикалық және парламент­тік дипломатия, Тәуелсіз Қа­зақ­станның сыртқы саясаты деген сияқты халықаралық қаты­нас­тар саласындағы маңызды та­қырыптарды оқулықтың негізгі түйініне айналдырған. Оқулықтың алғысөзін жаз­ған Парламент Сенатының Төр­ағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз пікірінде: “Автор халықаралық құ­қықтың негізін құрайтын бас­ты құжаттарға, маңызды де­рек­көздеріне, сондай-ақ өмірлік нақ­ты мысалдарға сүйене оты­рып, “дипломатия” ұғымын жан-жақты түсіндіруді, дип­ло­ма­тиялық қызметтің және ха­лық­аралық қатынастардың қыр-сырын ашуды мақсат еткен. Оқулықтың маңызды бөлігін Қа­зақ хандығының диплома­тия­сына қатысты ізденістер мен көзқарастар құрайды” деп оқу­лық жайында жылы лебіздер білдірген. Оқулықтың тұсаукесер рә­сімі барысында автор бұл оқу­лық­тың жарыққа шығуына кө­мектескен Л.Н. Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық универ­си­тетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымға алғысын айтты. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.